Орталық қызметкері жеңімпаз атанды


Бүгін, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі мен “Тұлғатану” ғылыми-зерттеу орталығы қазақ зиялыларыС.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтың 125-жылдығына орай өткізген“Үздік бейнеблог”облыстық байқауының қорытынды және марапаттау рәсімін өткізді. Аталмыш байқау жас тарихшылардың шығармашылығын арттыра түсу, тарихи тұлғалардың өмір жолына қатысты ізденістерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған болатын.
Сынға түскен 70 үміткерден келген 31 видеоблогтың арасында үздіктер анықталды. Солардың ішінде музей қызметкерлері сапынан Орталығымыздың қызметкері Қуаныш Тыныбекұлы жеңімпаз атанды.