2017 жылдың 28 ақпаны күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда өткен жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызда мерекеленетін Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізілді.2017 жылдың 28 ақпаны күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда өткен жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызда мерекеленетін Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізілді.

Бұл күні Орталыққа келген колледж оқушылары экспозициялармен танысты. Кейін оларға ғылыми қызметкер А.В.Каваев Қазақстанға еріксіз жер аударылған халықтардың тарихына арналған дәріс оқыды. Оларға бұрынғы КСРО-ның 40-тан астам халқы жан түршігерлік депортацияға ұшырағаны жайында түсіндіріліп берілді.
Іс-шара барысында жер аударылған халықтардың 30-жылдардағы жұттан кейінгі өздерінің адам нанғысыз қиыншылықтарына қарамастан оларды кең пейілділігімен күтіп алған қазақ халқына деген ризашылығының белгісі іспетті Қазақстан кинематографистері түсірген «Жерұйық» көркем фильмін көрсетумен аяқталды.