Астананың 20-жылдығына орай, «Мерейтойыңмен, Астана!» тақырыбындағы мерекелік бағдарлама


2018 жылы 4 шілде Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы ҚР ІІМ Теміртау қаласындағы Оқу орталығымен және «Денсаулық» туберкулезге қарсы балалар шипажайымен бірлесе отырып, Астананың 20-жылдығына арналған, «Мерейтойыңмен, Астана» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында «Ханшайым» би ансамблі, Ғ.Жұбанова атындағы №1 балалар өнер мектебінің оқушылары, ҚР ІІМ Теміртау қаласындағы Оқу орталығының курсанттары т.б. Теміртау қаласының шығармашылық топтары өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар көрермендерге Астана тарихына қатысты викторина ұйымдастырылды, белсенділік танытқандарға Орталық атынан естелік сыйлықтар берілді.
Мерекелік бағдарлама соңында Орталық басшысының орынбасары Н.А.Ильясова құттықтау сөзін білдіріп, қатысушыларға алғыс хаттар табыстады. Ұйымдастырушылар тарапынан Астананың 20-жылдығына арналған ауқымды флешмобтар ұйымдастырылып, Елорда құрметіне аспанға шарлар ұшырылды.