Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Аспан астын аралар Қасым үні» атты әдеби сазды іс-шара

16 маусым күні қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың 110 жылдығы аясында «Аспан астын аралар Қасым үні» атты әдеби-сазды іс-шарасы ZOOM платформасындаөтті. Теміртау қаласындағы орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкерлеріде қатысты. Орталықтың эскурсия бөлімінің меңгерушісі Қ. Оразымбетов онлайн кездесуде қатысушыларды Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығының қызықты фактілерімен таныстырып, “Өзім туралы” шығармасын орындап берді.

Қасым Аманжоловтың «Жасдәурен» әнін дәстүрлі әнші Аслан Аманкелдіұлы домбырамен орындап берді.