Қазақстан халқы диктант жазды

2018 жылдың 14 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен сағат 11.00 – 11.30 аралығында республика бойынша өткен «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтті.
Оған Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкерлері де қатысты. Ел көлемінде өтіп жатқан шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, латын негізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру, қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылықты арттыру.