Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мерекесі күні Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына Украинадан құрметті қонақтар келді

2017 жылдың 1 желтоқсаны күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына Украинаның Днепродзержинск қаласынан құрметті қонақтар келді. Елбасы 1958 – 1960 жылдары осы қаладағы №8 техникалық училищеде тәлім алып, домна пешінің көрікшісі мамандығын игерген еді. Делегация құрамында Днепродзержинск қаласының мэрі Белоусов Андрей Леонидович, училищеде оқып жүргенде грек-рүм күресінен Тәуелсіз Қазақстанның болашақ президентінің жаттықтырушысы болған, Украинаға енбек сіңірген жаттықтырушы, Днепродзержинск қаласының Құрметті азаматы Ежевский Лев Рудольфович болды. Құрметті қонақтармен бірге Орталыққа Теміртау қаласының әкімі Әшімов Ғвлым Әбиханұлы мен Елбасының қызметтесі Қуаныш Омашев келді.
Украинадан келген қонақтар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ұлағатты өмірдерегі мен даңқты еңбек жолын жан-жақты ашып көрсететін Орталықтың экспозициялық залдары мен фойеде ұйымдастырылған Президент Күніне арналған фотоқұжаттар көрмесін аса қызығушылықпен тамашалады. Экскурсия соңында Украиналық қонақтар Орталықтың Құрметті қонақтары кітабына ризашылық және жылы лебіздерін жазып қалдырды.