Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

2017 жылдың 1 желтоқсаны күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Ашық есік күні» өтті. Бұл күні орталыққа қала тұрғындары және қала қонақтарымен қатар, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің, Теміртау қаласының 55524, 5516 әскери бөлімдерінің қызметкерлері және Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясының курсанттары келді. Сонымен Днепродзержинск қаласының Мэрі Белоусов Андрей Леонидович, Нұрсұлтан Әбішұлының күреспен айналысқан кездегі жаттықтырушысы, Днепродзержинск қаласының құрметті тұрғыны Лев Рудольфович Ежевский, Теміртау қаласының әкімі Әшімов Ғалым Әбиханұлы және Елбасымыздың қызметтесі Омашев Қуаныш Омашұлы келді.
Орталық фойесінде Елбасының өмір жолы мен қызметін бейнелейтін суреттер мен кітап көрмесі келушілер назарына ұсынылды. Орталықтың конференц-залында Н.Ә.Назарбаев туралы құжатты және «Путь Лидера» көркем фильмдері көрсетілді. Бұл күні келушілер саны 580 адамға жетті.