Қажымұқан Мұңайтпасұлы 150 жаста

6 сәуір күні Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы әйгілі палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай “КҮШ АТАСЫ – ҚАЖЫМҰҚАН!” атты іс-шара өткізді.
ZOOM платформасында ұйымдастырылыған кездесуге Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Қ.Мұңайтпасұлы атындағы музей қызметкерлері, Теміртау қаласындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары және Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкерлері қатысты.
Бейне байланыс барысында күш атасына қатысты танымдық баяндама оқылып, қатысушылыр үшін Қ.Мұңайтпасұлы атындағы музейге онлайн экскурсия ұйымдастырылды. Ал, Орталық кітапхана қызметкерлері өз тарапынан “Күш атасы – Қажымұқан” атты тақырыпта ұйымдастырылған кітап көрмесін шолу жасады.