Бағдарлама

11 қараша күні Қарағанды облыстық «Сарыарқа»  телеарнасының балаларға арналған  «Қуырмаш»  бағдарламасының кезекті саны түсірілді. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған бағдарламаға Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің басшысы Оразымбетов Құрманшәді Ынтықбайұлы қонақ ретінде қатысып, балалар тарапынан берілген сан түрлі сауалдарға жауап берді.

Түсірілім соңында Қарағанды қаласындағы №58 мектептің 9-сынып оқушысы Каниев Мұхаммедәли ТПТМО-на ермексаздан өзі жасаған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портретін сыйға тартты.