Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күніне орай КВЕСТ-ойын өтті


Сәуір айының 11, 12 күндері Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Ғарышкерлер күніне орай «Аспан әлеміне саяхат» атты квест-ойыны өтті.
Оған Теміртау қаласындағы ЖОББ мектептердің 4, 5, 6 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты ғарыш әлемін оқушылардың жас ерекшелігіне орай арнайы дайындалған ойын-сауықтық бағдарлама арқылы таныту; олардың ғарыш туралы білімін одан әрі арттыра түсу арқылы Отандық ғарыш индустриясы жайлы, ғарыш әлемі жайлы мол мағұлмат беру.
Квест-ойынның бағдарламасына сай қатысушылар 7 кезеңдік тапсырманы орындады. Онда балаларға арналған ғарыш әлемі жайлы бейнебаяндар көрсетіліп, оларға қатысты сұрақтар қойылды. Танымдық бағдарламаның негізінде сұрақтар слайд, буклет түрлерінде ұсынылып оған оқушылар жарыса жауап берді. Сондай-ақ іс-шараға қатысушы оқушылар тобы «Ғарыш кемелеріне саяхат» атты кезеңде қазақ елінің ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов жайлы қызықты мәліметтермен танысты.
Бағдарламаның соңында Орталықтың «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициялық залында оқушыларға «Ғарыш» тақырыбында тақырыптық-экскурсия жүргізіліп, шараға белсене қатысқан оқушыларға «Алғыс хаттар» тапсырылды. Квест-ойынға қатысушылар ауқымы 400 оқушыны құрады.