«Мәңгілік елдің – мерейлі мерейтойы» атты салтанатты шара

Қараша айының 26 күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ҚР Тұңғыш Президенті күні және Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының 10 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің – мерейлі мерейтойы» атты салтанатты шара өтті. Шараға Елбасының үзеңгілестері қатысып, Орталықтың «Тәуелсіздік құрдастары» атты арнайы жобасына қатысушыларды құттықтап, мерекелік естелік сыйлықтарын табыс етті.