Музей сабағы


Сәуірдің 16 күні Орталықта Теміртау қаласының №3 ЖББОМ оқушылары үшін музей сабағы өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында атап өтілгеніндей, жас ұрпаққа өз бастауларын, ұлттық тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік беру болды. Оқушыларға орталықтың ғылыми қызметкері А. В. Каваев дәстүрлі қазақ шежіресі туралы айтып берді. Мұнымен бірге, сабаққа қатысушыларға қордағы экспонаттарды пайдалана отырып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін көрсететін кестелеу, тоқыма, ұсталық, қымыз дайындау сияқты дәстүрлі қолөнері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, «Мұра» циклынан қазақ халқының зергерлік өнері жайлы, құда түсу салты туралы фильм көрсетілді.