Сеулдік делегация келді


2019 жылдың 10 шілдесінде Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына Оңтүстік Кореядан арнайы делегациясы келді.
Оның құрамында депутаттар, кәсіпкерлер және инвесторлар бар. Бұл делегацияның өндірісті Қарағандыға келуінің де өзіндік мәні бар. Қарағанды қаласы мен Сеул бауырлас қалалар атанған. Сондықтан да Сеулдік делегация тобы Қарағандыға арнайы сапармен келіп, өндірістік өңірімізбен кеңінен танысу мақсатында Теміртау қаласына да ат басын бұрып отыр.
Олар Орталықтың экспозициялық залдарын аралап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолымен, тәуелсіз Қазақстанның даму тарихымен танысты. Құрмет кітабына қолтаңбаларын қалдырып, ерекше әсер алғандары жайлы ой бөлісті. Мұнан әрі сеулдік делегация металлургтер қаласындағы сапарын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-нда жалғастырды.