«Еске алу кезеңі» көрмесі


2019 жылы 8 мамырда Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Ұлы Отан соғысының ерлеріне арналған «Еске алу кезеңі» атты көрмелік шағын-жобасы ашылады. Көрмеде тарихи фотосуреттер, соғыс уақытын сипаттайтын көне тұрмыстық заттар және оның атмосферасын беретін заттар, сондай-ақ балалардың суреттері ұсынылады. Көрме Ұлы Отан соғысы туралы қысқа метражды фильмдерді көрсетумен толықтырылады.
Бұл жобаның мақсаты – келушілерді екінші дүниежүзілік соғыс тарихымен таныстыру, орасан зор тарихи оқиғаны және жер бетіндегі бейбітшілік үшін өз өмірін құрбан еткен боздақтардың ерлігін есте сақтау болып табылады. ХХ ғасырдың ең қорқынышты және қанды шайқасы туралы естелік ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан да қанды майданда жанқиырлықпен шайқасқан, тылда ерен ерліктің үлгісін танытқан жандардың еңбегін ұмытпай, олардың Отанға деген сүйспеншілігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз болып саналады.
Көрме мамырдың 15-не дейін жалғасады.