Ұлттықвалюта күніне арналған қол күрес турнирі өтті

2019 жылдың 15 қарашасы күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Теміртау қаласы әкімдігінің Дене шынықтыружәне спорт бөлімімен бірлесе отырыпҰлттық валюта күніне орай қаламыздағы мектептердің 5 сынып оқушылары арасында спорттың қол күрес түрінен«Білекті – бірді жығады!» атты турнир ұйымдастырылды.
Оған Теміртау қаласындағы 8 мектептен 64 оқушы қатысты. Спорттық шараны ТПТМО-ның Экскурсия жетекшілері Тыныбек .Қ мен Алидодова .Ф жүргізді.
Ежелден жауынгер халықтардың қатарына жататын қазақ халқында ер бала үшін білекті, жүректі әрі айлалы болу маңызды болып саналған. Тарихтағы небір жаугершілік оқиғалар барысында ат үстінде алысқан жауын жеңе білген батырларымыз бар. Жас ұрпақ соларды біліп өсуі керек. Әрі салауатты өмір салтын ұстану үшін спортты жанына серік еткенде ғана дені сау, тәрбиелі ұрпақ қалыптасатыны белгілі.
Осындай мақсатта ұйымдастырылған шара барысында әр білім ошағынан келген оқушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының қалыптасу тарихы, оның еліміздің экономикасында алатын маңызды орны жайлы арнайы дайындалған бейнебаянды тамашалап, ұйымдастырушылардың нұсқауымен турнирге қатысты. Көпшілік жастардың қызығушылығын тудырған сайыс барысын ТПТМО-нан тағайындалған төрешілер қадағалады. Шектен тыс тартысқа толы бәсеке олимпиядалық жүйе бойынша іріктеу кезеңінен басталып, финалдық кезеңге дейін созылды. Өз қатарластарынан озық шыққан №8 мектептің оқушылысы Айтбаев Азамат 3 – орын иегері атанса, №15 мектептің оқушылысы Қазақбай Темірхан 2 – орын және де №8 мектептің тағы бір оқушысы Абдимбаев Әбдіхалық 1 – орынды жеңіп алды.
Сайыс соңында іс-шара қатысушылары үшін әсем әннен шашу шашылып, ұйымдастырушылар тарапынан жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.