Ерлікке тағзым

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында 9 мамыр Жеңіс күніне байланысты ‘Ерлікке тағзым ” атты музей сабағы өтті. Сабаққа ‘Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейінің ” КММ оқушылары қатысты. Оқушыларға “Отан үшін отқа түскендер” деректі фильмнен үзінді көрсетілді. “Ешкімде, еш нәрседе ұмытылмайды” кезеңінде Бауыржан Момышұлының “Жонарқа” әңгімесіне талдау жасалды. “Қаhарман ұрпаққа мың алғыс” бөлімінде сұрақтар қойылып, оқушылар өте жоғары білім деңгейін көрсетті. Жеңіс күнін көре алмай кеткен ерлеріміздің рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Іс-шара қызықты, жоғары деңгейде өтті.