“Танымдық ойындар”
Теміртау қаласының жазғы демалыс лагері балалары үшін Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының есігі айқара ашық. Балалар аялдамалар бойынша «Әлем музейлері» зияткерлік ойынына, асық ату, қол күресі, арқан тарту, бесасық секілді ұлттық ойындар алаңына, «Киіз үйде не бар?» танымдық ойыны мен «Дәстүріңді білесің бе?» атты квест ойындарына қатысып, ерекше әсер алуда. Бүгін Ғабиден Мұстафин атындағы мектебінің оқушылары Орталықта болып, бірнеше танымдық ойындарға қатысты.