“Өз елімнің патриотымын!”

Мамырдың 3 күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Отан қорғаушылар күніне арналған «Өз елімнің патриотымын!» атты сапта жүру шеруі өтті. Іс-шараға Теміртау қаласының ақсақалдар алқасының, аналар алқасының және Теміртау қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшелері құрметті қонақ ретінде қатысты. Жиналғандар алдында Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейі мен Ғабиден Мұстафин атындағы мектептің оқушылары сапта жүріп ән салу шеберліктерін көрсетсе, Теміртау қаласындағы «Қарақат» мектеп -студиясының оқушылары патриоттық әндер орындады. Қатысушылар үшін алаңда қол күресі мен асық ату жарыстары да ұйымдастырылды. Іс-шараның соңында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының басшысы С.Саргизова қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, белсенді қатысушыларға Алғыс хаттарын тапсырды.