“Қоянды жәрмеңкесі” мұражай сабағы

“Қоянды жәрмеңкесі” мұражай сабағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Қоянды жәрмеңкесінің 175 жылдығына арналған “Қоянды жәрмеңкесі” мұражай сабағы өтті. Балалар Қоянды жәрмеңкесінің пайда болу тарихымен, XIX ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы тұрмыстық және сәндік-қолданбалы өнер заттарымен танысты, қазақ халқының ежелгі дәстүрлерін зерттеді, қазақтың Қара жорға халық биін биледі.