Орталық қызметкерлерінің облыстық “Saryarqa” телеарнасындағы “Ойөріс” интеллектуалдық ойынына қатысуы

9 маусым күні Қарағанды облыстық «Сарыарқа» телеарнасында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ойөріс» зияткерлік телеойынының кезекті саны түсірілді. Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және мемлекеттік тіл мен төл тарихты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған телеойынға Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының әдіскері Кетебаев Дәуірбек Бердашұлы, экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің басшысы Оразымбетов Құрманшәді Ынтықбайұлы және № 20 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Интықбаева Ләззат Жұмашқызы қатысып келді. Қатысушылар зияткерлік ойын барысында еліміздің тарихы мен ұлы тұлғалары және қазақтың көне сөздері туралы сұрақтарға жауап бере отырып, қазақтың мақал-мәтелдерінің жалғасын тауып ойынға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.