«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қарағандылық жеңімпаздарымен кездесу туралы

2018 жылдың 31 қаңтарында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында қарағандылықтардың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қарағандылық жеңімпаздарымен кездесу болып өтті.

Кездесу Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру аясында жүргізілген жұмыстарды, тәуелсіздік жылдарында ел дамуына, тәуелсіз Қазақстанға өзінің талантымен, ақылымен, еңбегімен қыруар үлес қосып жатқан жерлестерімізді қала тұрғындары арасында, айрықша жастар арасында насихаттау мақсатымен өткізіліп отыр.
Іс-шарада ұлттық жобаның жаңа кейіпкерлеріне айналған, белгілі қарағандылықтар NOMAD MMA аралас жекпе-жегі ұлттық тәсілінің негізін қалаушы Сергей Ан, медицина ғылымының докторы, профессор Роза Алимханова, учаскелік полиция инспекторы Дәурен Алтаев, ҚР Ұлттық Қорғаныс университетінің магистрі, полковник Қайрат Үмбетовтердің қол жеткізген табыстарының тарихы жайлы кеңінен әңгімеленді.

Кездесуге Елбасының замандастары, Қарағанды, қалалық әкімшіліктің өкілдері, қалалық мәслихаттың депуттары, жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар медициналық колледж және ҚР ІСМ оқу орталығының тыңдаушылары мен әскерилер қатысты.

Жоба жеңімпаздары тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлестері, өздерінің мақтан тұтатын еңбегінің нәтижелері туралы әңгімелеп берді, жас теміртаулықтардың сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ осы қызықты кездесуді ұйымдастырған Орталықтың қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Орталықтың Көркемсурет залында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ақтық кезеңіне қатысушыларына арналған көрменің ашылуы өтті. Көрменің ашылуына арналған дәстүрлі лентаны қию құрметі профессор Р.С.Алимханова мен полиция майоры Д.К.Алтаевқа тапсырылды.

Ғазиза Жұбанова атындағы өнер мектебі мен Әлия Молдағұлова атындағы спорт мектеп-интернатының оқушылары мен оқытушылары іс-шара қатысушыларын өз өнерімен тәнті етті.