Қазақстанның Халық қаһарманы, көрнекті жазушы, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналған «Қазақтың қайсар ұлы» атты әдеби кеш

2018 жылдың 20 сәуірінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу аясында Қазақстан Қаһарманы, көрнекті жазушы, даңқты партизан Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараға қала мектептері мен колледждерінің тарих пәні оқытушылары мен оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты қазақ батырының ерлігі мен өмір жолы және шығармашылығымен таныстыру, оларды Отанға, туған жерге сүйіспеншілік рухында тәрбилеуге атсалысу.
Әдеби кеш барысында Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаяндар көрсетілді. Содан кейін Теміртау қаласының №31 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Шаку Гүлайым, Орталықтың ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Кетебаев Дәуірбек Бердашович баяндама жасады. Баяндамашылар іс-шара қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.