Ғылыми зерттеу және экспозициялық көрме жұмыстары бөлімі

Ғылыми зерттеу және экспозициялық көрме жұмыстары бөлімі

Ғылыми-зерттеу бөлімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттіліктің құрылуы, қалыптасуы және дамуындағы ерен еңбегін ашып көрсететуге қаратылған ғылыми-зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми-зерттеу істерінің бағдарламасы төмендегі бағыттардан құралады:
– Қазақстан Республикасы архивтеріндегі ғылыми-іздестіру жұмыстары ;
– ғылыми-тәжрибелік конференциялар мен семинарлар;
– Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарымен байланысын қалыптастыру;
– Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметіне байланысты ғылыми жобалар дайындау;
– Орталықтың экспозициялық қорын жаңарту және толықтыру.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырудың нәтижелері Орталық тарапынан баспадан шығарылған ғылыми мақалалар, жинақтар мен кітаптар болып табылады.
Бөлім республикалық, облыстық мемлекеттік органдардың басшылары және мамандарының қатысуымен өткізілетін Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына әр жылғы Жолдауларының, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын үйрену, талқылау және насихаттау бойынша Назарбаев оқуларын ұйымдастыруға жауапты болып есептеледі.
Бөлім мемлекеттік мерекелерге және еліміздің өміріндегі басқа да елеулі оқиғаларға арналған қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады.
Бөлім Орталықтың ресми сайтының (www.firspresident.kz) ақпараттық қамтамасыз етілуі бойынша жұмыс істейді. Орталықтың сайтына сілтеме Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың (http://personal.akorda.kz/) Жеке парақшасында орналастырылған.
Ғылыми-зерттеу бөлімі Орталықтың әр тоқсанда жарық көретін «Теміртау және Елбасы» газетін шығаруға жауапты.