Әбілхан Қастеевтің 155 жылдығына арналған көрме-дәріс


30 қаңтар күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевке арналған көрме-дәріс өтті. Іс-шараға Теміртау қаласының студент жастары, Теміртау қаласының Балалар ауылының тәрбиеленушілері және барлық тілек білдірушілер қатысты. Орталық қызметкерлері көрмеге қатысушыларды атақты суретшінің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды. Іс-шара Әбілхан Қастеев туралы деректі фильмнің көрсетілімімен аяқталды.