Ел болам десең, бесігіңді түзе!


Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Халықаралық Отбасы күніне арналған «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты отбасы құндылықтарын насихаттау, ұлтымыздың салт-дәстүрін, отбасының жастар тәрбиесіне игі әсерін дәріптеу болып табылады.
«Дөңгелек үстелге» қала мектептерінің тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасарлары мен гуманитапрлық пәндер мұғалімдері, колледждердің тарих пәні оқытушылары мен студенттері, Ардагерлер Кеңесі мен Ақсақалдар алқасы мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында Теміртау қаласына белгілі ана, 11 перзент тәрбиелеп өсірген «Алтын алқа» иегері Қосшығұлова Тишу Дүйсенбайқызы өзінің қиын да, өнегелі өмірі туралы жастарға әңгімелеп берді. Сонымен бірге Теміртау қаласы азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының баяндамасы тыңдалды, отбасы құндылықтары туралы бейнебаян көрсетілді. Тишу Дүйсенбайқызының немерелері мен шөберелері ән шырқап, тақпақ айтып, би билеп іс-шара қатысушыларының ризашылығына бөленді.
Іс-шараның белсенді қатысушылары Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.