Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары

2017 жылдың 30 қарашасы күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары» атты жоғарғы оқу орындары студенттерінің ғылыми жобаларының облыстық байқауының ақтық кезеңі өтті.

Байқау ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын насихаттауға бағытталған студенттердің ғылыми-зерттеушілік қабілеттерінің деңгейін және даму үдерісінің басты бағыттарын анықтауға арналған.
Ғылыми зерттеулер төмендегі бес бағыт бойынша 25 тақырыпта орындалды: «Тәуелсіз Қазақстан», «Ұлы идея – игі мақсат бастауы», «Экономиканы жаңғырту – Қазақстанның гүлденуінің кепілі», «Ғылым, білім, мәдениет», «Дінаралық келісім мен ұлтаралық татулық – Қазақстанның қарқынды дамуының кепілі».
Шешуші кезеңде іріктеу кезеңдерінен өткен ең үздік 10 ғылыми жобаны қорғау көзделген. Іс-шара соңында ұйымдастыру комитеті әділқазылар алқасының шешімі негізінде байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады.
Байқау нәтижесі бойынша «Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары» байқауының 1-орынды Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің студенттері Базарбай Гүлнар мен Арыстанова Сәндігүл, 2-орынды Орталық Қазақстан Академиясының студенттері Асфандиярова Надежда мен Үрістемова Балым, Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Аметхан Жанарыс, 3-орынды Қарағанды медицина университетінің студенттері Кәмели Әмина мен Қайрат Аида, Қарағанды экономикалық университетінің студенті Қыдырбай Ернар иеледі.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Байқаудан кейін Орталық қызметкерлерінің мұрағаттық материалдар негізінде дайындаған «Карагандинские страницы» жинағының таныстырылымы өткізілді.