“Өмір екпіндері”

Ж. К. Комутовтың жеке көрмесі

Ж.К. Комутовтың “Өмір екпіндері” атты жеке көрмесінде графика, аралас техникадағы жұмыстар, дизайн-жобалар және сәндік-қолданбалы өнер ұсынылған. Ұсынылған жұмыстар кең тақырыптық әртүрлілігімен  ерекшеленеді. Көрмеде портреттер мен жанрлық көріністер, шарждар мен карикатуралар , абстракциялар, оп-арттың көркемдік бағытына сәйкес келетін қиял-ғажайып сюжеттер мен шығармалар қатар орналасқан. Жанат Комутов шығармашылығының ерекшелігі-бейнелеу тілінің “көп мағыналылығы мен метафоралығына” ұмтылу. Суретшінің  шығармашылық  қызығушылықтары  кең: бұл кескіндеме және графика, contemporary art, сәндік мүсін және дизайн.

Метафораға және гиперболизацияға бейімділік суретшінің қай бағытта жұмыс істесе де, барлық дерлік туындыларына тән. Суретші өз шығармаларында өзіне және көрерменіне дүниетанымдық сипаттағы жаһандық сұрақтар қояды: өркениеттің тағдыры туралы, өркениеттің адам мен адамға табиғатқа әсері туралы, өмірдің мәнін іздеу және өзін-өзі тану туралы. Суретшіні өмірдің қажымас зерттеушісі деп атауға болады – оның барлық түстері мен көріністерінде. Сонымен қатар, суретші жеңіл әзілмен және өмір құбылыстарында күлкілі жақтарды байқай білумен сипатталады. Бұл тәсіл бір уақытта байсалды және ирониялық болып табылады және суретшінің ең жақсы шығармашылық әдісін сипаттайды.Көрме 02.12.2022ж. дейін жалғасады.