ҚР Тәуелсіздік күніне және Балалар жылына арналған Теміртау қалалық білім беру бөлімімен бірлескен «Атадан мұра» атты таланттар фестивалі өткізілді.

2022 ж. 14 желтоқсанда Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында білім беру бөлімімен бірлескен «Атадан мұра» атты таланттар фестивалі өткізілді.

Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің  17 мектебінің оқушылары «Өлкетану» және «Үздік жүргізуші» номинациялары бойынша екі кезеңде сынға түсті.

Өз білім ұяларының үмітін арқалай келген оқушылар «Өлкетану» номинациясы бойынша туған өлкесінің  маңызды бір нысаны жайлы қысқаша әңгіме құрауы тиіс болса, «Үздік жүргізушілер» номинациясына қатысушыларға   іс-шараны жүргізу, «Супер диктор» айдары бойынша тележүргізушілік қабілеттерін көрсету талаптары қойылды.

Теміртау қалалық білім беру бөлімінің мамандарынан құралған әділқазылар алқасы мүшелері бағаларын беріп,  жеңімпаздарын анықтап, марапаттарын тапсырды.

Орталықтың залында оқушылардың шығармашылық және өлкетану жұмыстарына арналған Теміртау қаласының жалпы білім беру мекемелері ұсынған көрме ашылды