Өрт-құтқару спорты бойынша Чемпионатқа қатысушы елдердің делегациясы

2021 жылдың 31 тамызында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өтетін Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVI Әлем Чемпионатына және әйелдер арасындағы VII Әлем чемпионатына қатысушы елдердің делегация мүшелері мен құрметті қонақтары келді. Чемпионатқа Қазақстан, Беларусь, Словакия, Польша, Сенегал, Чехия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Моңғолия, Австрия командалары, сондай-ақ Қатар, Болгария, Сербия, Біріккен Араб Әмірлігі, Үндістан, Греция, Италия өкілдері қатысады.
Орталықтың құрметті қонақтары үшін экспозициялық залдар бойынша ағылшын және орыс тілдерінде экскурсиялар өткізілді.
Біріккен Араб Әмірлігінің Азаматтық қорғаныс басшысы Жоғары Мәртебелі генерал-лейтенант Сүлейман Абдулла Аламреге естелікке Елбасының өмірі мен қызметі туралы фотоальбом сыйға тартылды.