«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша комиссия өкілдері Орталықта болды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жергілікті атқару органдарының өкілдеріне арналған республикалық жиынға қатысушы қонақтар Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында экскурсияда болды.
Экскурсия барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Орталықтың атқарып жатқан жұмыстары мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өнегелі өмір жолына қатысты тың деректермен танысып, Теміртау шаһарына қатысты мол мағұлматтарға қол жеткізді.