Сызба

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы бойынша экскурсия бағытының сызбасы

                       Өткізілетін күні:

(Экскурсияны өткізудің жалпы уақыты 42 минут)

   Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы

Фойеде қонақтарды қарсы алу (3 минут)

 Экпозиялық залдар бойынша экскурсия,

2-ші қабатқа көтерілуі (3 минут)

1-ші зал «Тәуелсіз Қазақстан» (6 минут)

Бірінші зал “Тәуелсіз Қазақстан” деп аталады. Мұнда тәуелсіздік кезеңіндегі еліміздің негізгі жетістіктері көрсетілген. Залдың архитектурасы Қазақстанды көпұлтты елдің ортақ үйі ретінде бейнелейтін қазақ киіз үйі түрінде орындалған. Залда интерактивті ақпараттық панельдер (тачскриналар) орналасқан, мұнда 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) витриналардың мазмұны туралы толық және толық ақпарат берілген.

               2-ші  зал «Өз заманының перзенті» (6 минут)

Өз заманының перзенті” залы Қазақстан Республикасы Президентінің балалық шағы, мектеп және студенттік жылдары туралы әңгімелейді. Залдың экспозициясы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Әділеттің ақ жолы” өмірбаяндық кітабы негізінде құрылған, витриналарда Елбасының естеліктерінен үзінділер берілген.

3-ші  зал «Тұлғаның ерен қабілеті» (6 минут)

Зал Қазақстан Магниткасының салынуын көрсетеді.

4-ші  зал «Қазақстанның құрыш келбеті» (6 минут)

   Залдың экспозициясы Карметкомбинаттың негізгі өндірісі, ірі металлургиялық кәсіпорынның даму тарихы туралы айтып береді. Зал металлургиялық кәсіпорынның атмосферасын көз алдыңызға келтіреді және оның ішінде жүргендей әсер қалдырады.

5-ші зал «Уақыт ағымында» (6 минут)

 Залдың экспозициясында  Президенттің саяси өрлеуінің бастауы көрсетілген. Құрамында мұрағаттық құжаттар бар.

6 –шы зал «Қазақстан жолы» (6 минут)

Бұл зал Егемен Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи қалыптасуы мен дамуы туралы әңгімелейді.

Қонақтарды шығарып салу