«Теңге – Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің символы» атты танымдық бағдарламасы

2017 жылдың 8-15 қараша күндері аралығында Тұңңғыш Президенттің тарихи – мәдени орталығында Қазақстан Республикасының валюта күніне арналған «Теңге – Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің символы» атты танымдық бағдарламасы өткізілді. Бұл іс – шараға қала мектептерінің оқушылары қатысты.
Бағдарламаның негізгі мақсаты оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге, тарихқа, дәстүрімізге құрметпен қарауға тәрбиелеу; теңгенің тарихымен таныстырып, білімдерін кеңейту.