Жасампаздықтың 30 жылы


2019 жылдың 21 маусым күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елді басқарудың жоғары лауазымында 30 жыл толуына арналған «Жасампаздықтың 30 жылы» атты іс-шара өтті. Іс-шараны Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы мен Теміртау қаласы орталықтандырылған кітапхалалар жүйесі бірлесіп ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елді басқарудың жоғары лауазымындағы отыз жылдың оқиғалары мен жетістіктері арқылы тәуелсіз еліміздің қалыптасу жолдарын көрсету болып табылады.
Іс-шараға Теміртау қаласының №4 және №5 орта мектептерінің жанындағы жазғы демалу лагерінің 50 жуық тәрбиеленушілері қатысты.
Қатысушылар назарына «Үшқоңыр» атты деректі фильм ұсынылып, Орталықтың ғылыми қызметкерлері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігін қалыптастырудағы еңбегі мен қызметі жайлы дәріс оқиды. Мұнан әрі балалар Орталықтың Көркемсурет галереясында әзірленген «Көшбасы жолы» атты арнайы көрме және кітапханамен танысып, экспозициялық залдарды аралады.