Домна цехы (Қазақстан болат залы)

Қарағанды ​​металлургиялық комбинатының домна (шойын балқыту) цехы құрамына төрт домна пеші (олар 1960, 1961, 1971 және 1975 жылдары іске қосылған), шлакты өңдеу бөлімшесі, шойынды құятын машиналар бөлімі, шөміш жөндеу депосы кіреді.

Заманауи домна пешінің биіктігі 30 қабатты ғимараттай болады. Сыртынан болаттан жасалған қаңқамен, ал ішкі жағы отқа төзімді кірпішпен қапталған.

Пештің ішінде үрленген ыстық ауа кокспен араласады. Жанған кезде кокс көмірқышқыл газын шығарады.   Жоғары температураның әсерінен ол көміртек оксидіне айналып темір рудасымен араласып, оны оттегіден босатып, таза темірді рудадан айырады. Кокс қабатынан өтіп,  оттегімен қанықтырылған темір шойынға айналады. Пеште жиналған сұйық шойын арнаулы шойын шығаратын тесік- летка арқылы шығарылады, содан кейін ол отқа төзімді кірпішпен қапталған арнаулы арықтар арқылы ағады.

Қазіргі домна пештерінде шойын үздіксіз өндіріледі, сондықтан пештерде дайын шойынды  құйып алуға арналған 2-3 летка және оны құйып алатын 2-3 құю алаңы бар.   Домна пешіндегі жетекші мамандықтың бірі- пешті бақылаушы – горновой. Домна цехының және жұмысшылар бригадасының сәтті жұмыс істеуі горновойдың шеберлігі мен үлкен тәжірибесіне  тікелей байланысты.  Горновойдың жұмысы оңай емес, өйткені бригада мүшелері жұмыс орнында (домна пешінің периметрі бойынша) үнемі қозғалыста болады, шойын алудың технологиялық процесінің барысын арнайы қарайтын көздері арқылы бақылайды.  Бұл мамандық өз ісінде батыл, сенімді адамдарға ғана бағынады.