Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Жыры қалды жүректе жарқылдаған» атты әдеби кеш
19 қазан күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Жыры қалды жүректе жарқылдаған» атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кешке қаламыздың ардагерлері, қасымтанушы, 4 мектеп директорының орынбасары С.Н. Қайырбек және Теміртау мәдениет сарайының бөлім басшысы Р.Ж.Алдашева және Теміртау қаласының мектеп оқушылары қатысты.
Іс-шараның барысында ақынның шығармашылығы жайлы бейнебаяндар көрсетіліп, баяндамалар жасалды. Қаламыздағы,9 лицей және 4, Ғ.Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.