22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні
2017 жылдың 22 қыркүйегінде Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған мектеп оқушылары үшін танымдық ойын бағдарламасы өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды ҚР-ның әрбір азаматы өз ана тілінде сөйлеуге, қарым-қатынас тілін еркін таңдауға құқылы екенін айтып, тіл туралы білімдерін кеңейту.