Экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімі

Бөлім қызметкерлері:

бөлім басшысы – Баскарбаева Э.А.;

экскурсия жетекшілері – Шонкабаева А.А., Денисов В.В.;

музей қараушылары – Кордабаева М.Т., Габдулхакова С.Р.

Экскурсиялық-бұқаралық бөлімнің жұмысы мәдени-ағартушылық қызметке бағытталған.  Барлық өткізілетін іс-шаралардың басты мақсаты келушілердің рухани, этикалық, мәдени әлеуетін қалыптастыру және оларға патриоттық және адамгершілік құндылықтарды сіңіру болып табылады.

Мәдени-ағарту қызметі

Бөлім жұмысының негізгі нысандарының бірі экскурсиялық қызмет болып табылады, оның мақсаты келушілерге шынайы ақпарат жеткізу және Орталықтың қолда бар экспонаттарының тарихи құндылығын ашу болып табылады.

Бөлім қызметкерлері экскурсияны қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізеді.

Келушілердің жас санаттарына байланысты экскурсиялар әртүрлі ақпараттық қанықтылыққа ие.

Экскурсиялық-бұқаралық бөлімнің қызметкерлері білім беру мекемелері үшін жүйелі түрде әр түрлі іс-шаралар өткізеді: музей сабақтары, білім беру ойындары, зияткерлік викториналар, шығармашылық кездесулер, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер және диалог алаңдары.