«Галактика балалары» құрама тақырыптық көрмесі


Ғарышкерлер және авиация күніне арналған жыл сайын өткізілетін құрама тақырыптық көрме қаланың барлық мектептерінің балаларын бір тақырыпқа деген сүйіспеншілікпен біріктіреді. Ол ғарыштық ұшу тарихы, белгісіз Галактика әлемі, ғарышкерлердің өмірбаяндары мен тұлғалары, ғарыштың қызықты және күтпеген жайлары.
2019 жылы көрмеге Теміртау SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері, Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқушылар мен №11 орта мектебінің оқушылары қатысты.
“Галактика балалары” көрмесінде келесі бағыттағы жұмыстар ұсынылды: кескіндеме, мүсін], сурет. Жұмыстар арасында қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың портреттерін ерекше атап өткен жөн. Ғарышты бағындыру және қазақстандық ғарышкерлердің қалыптасуы тақырыбын экспозицияның орталық бөлігі дамытады. Онда Ю. Гагариннің ғарышқа ұшуы, қазақстандық ғарышкерлер, ХҒС-жердегі станция түрлері, ашық ғарыш кеңістігі туралы фотосуреттер қойылған.
Көрме 2019 жылдың 1 мамырына дейін жалғасады.