Мәдениет және спорт вице-министріТұңғыш Президенттің тарихи-мәдениорталығында болды


Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрқиса Мұратұлы Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында болып музей экспозициясы арқылы металлургтер шаһарының тарихымен, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қарағанды металлургиялық комбинатында басталған өнегелі өмір жолына қатысты құнды мәліметтермен танысты.
Сондай-ақ Президент Жолдауында айтылған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» аттықоғам өкілдерімен кездесу өткізді. Онда мәдениет және спорт саласына қатысты тиісті сала өкілдерінің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бере отырып, Жолдауда айтылған дүниелерді орындаудың маңызын жете түсіндірді.