Әскери-патриоттық әндер фестивалі


2019 жылдың 8 мамыр күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күніне орай Теміртау қаласында орналасқан ҚР Қорғаныс министрлігінің 5524 әскери бөлімі, ҚР Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімі, ҚР ІІМ Қарағанды облысының полиция департаменті Теміртау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, Теміртау қаласының ТЖБ-ның қызметкерлерінің қатысуымен «Мәңгілік ел қыранымын» атты әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті.
Аталмыш шараның басты мақсаты ел көлемінде аталып өтілетін осынау қос мерекенің мәнін аша түсу, өскелең ұрпақтың, жас қызметкерлердің Отаншылдық сезімін арттыра түсу, олардың туған жеріне, еліне деген азаматтық көзқарасын қалыптастыру арқылы Қазақстан Республикасының патриоты етіп тәрбиелеу. Фестивалге қонақ ретінде әскери саланың қызметкерлерімен қатар армияға енді ғана келген жас сарбаздар да шақырылды. Мерекелік шарадағы құрметті қонақтардың сапында қалалық Ардагерлер кеңесінің ақсақалдары мен түрлі іс-шараларға белсене қатысып жүретін қоғамдық бірлестіктердің басшылары болды.
Іс-шараға қатысушылар Отан, туған жер тақыптарындағы эстарада әншілерінің таңдамалы туындыларын орындап, өз жандарынан шығарылған елдік, ерлікті насихаттайтын өлеңдерін оқыды. Фестиваль соңы көпшіліктің естелік фотосуретке түсуімен аяқталды.