Зауыт симфониясы
Тұңғыш Президент күніне арналған Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің көрмесі
26 қараша мен 22 желтоқсан аралығында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Тұңғыш Президент күніне арналған “Зауыт симфониясы” көрмесі өтуде.
Көрмеде қазіргі уақытта қазақстандық социалистік реализмнің классиктері деп атауға болатын суретшілер тобы жасаған станоктық кескіндеме және баспа графикасының туындылары ұсынылды. Олардың арасында Петр Антоненко, Саркис Саносян, Виктор Крылов, Андрей Дячкин сияқты танымал есімдер бар. Теміртау қаласында тұрып, жұмыс істеген Михаил Подлесныйдың жұмысы үлкен қызығушылық тудырады. Көрме оның жұмыстарының бірінің аты көрме тақырыбына арқау болды.
Көрменің тақырыбы “социалистік реализм” көркемдік бағытына тән. Жұмыстарда біздің республикамыздың индустриялық дамуының басты кезеңдері бейнеленеді: Теміртаудың ірі өнеркәсіптік объектілерін тұрғызу, көмір карьерлері мен кеніштерінің, металлургиялық зауыттарының, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың айбынды панорамалары. Көрмеде портреттер де бар. Осыған байланысты танымал қарағандылық суретші Т.А.Кеңесбаевтың ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті ерекше қызығушылық тудырады.
Н.Ә.Назарбаевтың кәсіби жолы Қазақстан Магниткасының қалыптасуымен тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан Тұңғыш Президент тыныш бейтарап фонда бейнеленген камералық портрет экспозицияны дұрыс аяқталуы және көрменің негізгі компоненттерінің бірі ретінде қызмет етеді.