1-Қыркүйек – Білім күні
Құрметті ұстаздар, білім алушылар және ата-аналар!
Жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1 қыркүйек – алғашқы қоңырау мерекесі. Бұл білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін есте қалатын, толқытатын және қуанышты күндердің бірі. Барлық оқушыларға табандылық пен оқуда табыс, үздік бағалар, сенімді достар, жаңа оқу жылында қызықты және ұмытылмас тілейміз! Биыл мектеп табылдырығын аттап отырған, бірінші сынып оқушыларын ерекше құттықтаймыз. Өйткені, олар бүгінгі мерекенің басты кейіпкерлері, олар үшін алғашқы қоңырау соғылады, олар осы күндері алғашқы және ең маңызды кітап – Әліппеменен табысады. Бұл күн барлық бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн болсын, олардың білім жолдары қызықты және жасампаздыққа толы болсын.