21 мамыр- ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні! Әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

21 мамыр- ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні! Әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Бүгін Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов мәдениет қызметкерлерін осы төл мерекелерімен құттықтап, мерекелік марапаттаулар жасады. Марапатқа ие болғандардың қатарында — Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының басшысы Саида Жамантайқызы Саргизова да бар. Бұл Орталық басшысы мен ұжымға көрсетілген үлкен қолдау және зор сенім деп қабылдай отырып, қала басшылығына мәдениет саласының қызметкерлеріне көрсетілген құрмет үшін зор алғысымызды білдіреміз. Әріптестерімізге шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!