Тарихи ескерткіштер мәңгі өшпес мұра

2019 жылдың 17 сәуір  күні сағат 11.00-де  Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Халықаралық тарихи ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай  «Тарихи ескерткіштер мәңгі өшпес мұра» тақырыбында колледж студенттері арасында тарихи-танымдық, зияткерлік бағдарламасы өтті.
Іс-шараны өткізудегі басты мақсат Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге асыру мақсатында «Жастар жылына» орай студенттермен көпшілік қоғамдық жұмыстарды өткізу, олардың туған жеріне, еліне, оның ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан мол тарихи мұраларына деген сүйіспеншілігін, Отаншылдық патриоттық сезімін арттыра түсу.
Шараның форматы тарихи-танымдық, зияткерлік  түрде болғандықтан семинар түрінде өткен бағдарламаға  қаладағы 7 колледжден оқытушыларымен қоса 70 студент қатысты. Әр оқу орны  алдын-ала берілген тақырыптар бойынша еліміздің екі облысындағы «Қазақстанның киелі 100 нысанының»қатарына кіретін  тарихи-мәдени мұралар мен ескерткіштер  жайлы дайындаған танымдық слайд, бейнебаяндарын көпшілікке  таныстырып, мәліметтерімен  бөлісті.
Семинар түрінде өткен іс-шараның соңында қатысушыларға  Орталықтың атынан арнайы дайындалған Алғыс хаттары табыс етіліп, көпшілік естелік суреттерге түсті. 







 
			 
			