ДОЙБЫДАН қалалық турнир өтті
Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы Теміртау қаласының Денешынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе отырып 27 тамыз күні сағат 10:00-да Конституция күніне орай ДОЙБЫДАН мемлекеттік мекеме қызметкерлері және қала тұрғындары арасында турнир өткізді.
Оған Теміртау қалалық кітапханасы, Ардагерлер кеңесі мен «Ұрпақтар сабақтастығы және халықтар достығы» ҚБ, Мәдениет сарайы, ІІМ Оқу орталығының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Спорттық іс-шараның басты мақсаты Ата заңымыздың қабылданған күнін лайықты түрде атап өту. Оның қазақстандықтар үшін маңызын арттыру, сондай-ақ жас қызметкерлердің санасына Қазақстан азаматының Конституциялық құқығын сақтауды насихаттау.
Ерлер және әйелдер арасында жекелей ұйымдастырылған сайыс өте тартысты болды. Ерлер арасында Ардагерлер Кеңесінен келген Валабуев Павел 1 орын иеленсе, 2, 3 – орындарды ТПТМО-ның қызметкерлері Тыныбек Қуаныш пен Мустафин Рулан еншіледі. Ал, әйелдер арасында Қалалық орталықтандырылған кітапхананың қызметкері Еркін Таңсәуле 1 – орынды иеленді. 2 – орынға да осы мекемеден келген кітапханашы Жұмаш Болғанай ие болды. Жүлделі 3 – орынға ІІМ Оқу орталығының курсанты Сулейменева Марина қол жеткізді. Турнир соңында сайыс қатысушыларына Орталықтың және Денешынықтыру және спорт бөлімінің алғыс хаттары мен грамоталары, арнайы жүлделері табыс етілді.
Іс-шараға 30 адам қатысты.