Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 2017 жылғы 12 мамырында Астана қаласында Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей қызметін инновациялық дамыту мен ақпараттандырудың өзекті мәселелері» атты республикалық форум өтті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 2017 жылғы 12 мамырында Астана қаласында Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей қызметін инновациялық дамыту мен ақпараттандырудың өзекті мәселелері» атты республикалық форум өтті. Форумда Қазақстан Республикасы Президентінің 31.01.2017 жылғы «Қазақстанды үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындайтын Қазақстанда музей ісі саласын инновациялық дамыту және ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Қарағанды облысы бойынша 10-нан астам музей қызметкерлері қатысты.
Форумның ІІ секциясында «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына келушілерді тарту жұмысының ақпараттық технологиялары» тақырыбында негізгі істер жөніндегі басшы орынбасары Ильясова Назира Асқаповна баяндама жасады.