Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкерлеріне арналып 2017 жылдың 19 мамырында семинар өткізілді
Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкерлеріне арналып 2017 жылдың 19 мамырында семинар өткізілді. Семинарды Астана қаласындағы  Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қызметкерлері ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты  серіктестік мәселелері мен  музей саласы жұмыстары бойынша тәжірбие алмасу болды. Осы басқосудың барысында  негізгі экспозицияны кеңейту мен экспонаттарды сақтау, негізгі қорды құру мәселелері талқыға түсті.


