Абай мұрасы
Ақпанның 14 күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және XXIғасырдағы Қазақстан»атты мақаласын талқылауға арналған «Абай мұрасы –қастерлі құндылық» атты семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастарды ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың мол мұрасын жете меңгерту, хакім Абайдың шығармаларының нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру.Өз ұлтын Абайша сүюге, патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.
Тағлымды шараға Теміртау қаласының ақсақалдар алқасының, ардагерлер Кеңесінің мүшелері,Теміртау қаласы мектептерінің тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарлары, гуманитарлық пәндер мұғалімдері мен оқушылары және «Мирас» колледжінің студенттері қатысты.
Семинар барысында Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері Қ.А.Мамбетов « Ұлы Абай мұрасы – ұлттың рухани жаңғыруының өзегі» ,Теміртау қалалық тілдерді дамыту орталығының әдіскері Б.Қ. Медетова «XXI ғасырдағы қазақ еліндегі торқалы тойдың тағлымы» тақырыбында баяндамалар жасады. Қатысушылар Мемлекет басшысының «Абай және XXIғасырдағы Қазақстан» атты мақаласының тәрбиелік мәні жайлы ойларын ортаға салып, хакім Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділерін оқып,әндері шырқалды. Соңында іс-шараның белсенді қатысушыларына Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының басшысының орынбасары Г.С. Кударинова Алғыс хаттарын табыс етті.