Дала өлкесінде өскен жан
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналады…
28 мамырда Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ” Дала өлкесінде өскен жан ” виртуалды көрмесі өтті. Көрме ZOOM-конференция форматында өтті. Іс-шараға Қарағанды облысының музейлері мен кітапханаларының қызметкерлері, Павлодар мемлекеттік мұрағатының, Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінің қызметкерлері, “Магнит” қалалық әдеби бірлестігінің өкілдері және басқалар қатысты.
Көрме Павел Васильевтің Музей-үйінің көмегімен ұйымдастырылды (Павлодар қ.).
Іс-шара барысында қатысушыларға ақын Павел Васильев туралы қысқа метражды фильм көрсетілді. Павел Васильевтің Музей-үйінің қызметкерлері сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болған ақынның өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, аудиторияға ақынның жары Е.А. Вялова-Васильеваның жеке қорынан құжаттар ұсынылды. Іс-шара соңында 27.05.2021 жылы жазылған “Магнит” әдеби бірлестігінің қатысушысы, теміртаулық ақын О.В. Воротынскаяның “Павел Васильевке” атты жаңа өлеңі оқылды. Конференцияға қатысушылар автордың нақты уақыт режимінде оқыған поэтикалық туындысының алғашқы тыңдаушылары болды.