Халықаралық балалар кітабы күніне орайластырылып өткізілген үйрету ойын бағдарламасы

«Тұңғыш Президент тарихи мәдени орталығында» 2017 жылдың 11 сәуірінде халықаралық балалар кітабы күніне орайластырылған үйрету ойын бағдарламасы ашылды.

Мақсаты: бастауыш мектеп жасындағы балалардың кітап оқуын насихаттау ,белсенді оқырман позициясын тәрбиелеу.
Міндеттері:
-қатысушыларды халықаралық балалар кітабы күні тарихымен таныстыру
– қарым-қатынастық дағдылар, шығармашалық қиялдау, ықылас, есте сақтау,ойлау, есту және көру қабілеттерін дамыту
– әдеби кітаптардыоқуға деген қызығушылықты, кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу

Теміртау қаласының мектеп оқушылары «Тұңғыш Президент тарихи мәдени орталығы» КМҚК кітапханасында болып, Балалар кітабы мерекесінің тарихымен,кітапханамен балалар кітаптарымен танысты.
Балалар викториналық ойынға қатысып, сүйікті кітаптары мен танымал балалар шығармаларын еске түсіріп, авторлық және халық ертегілері жасырынған жұмбақтарды шешіп, басты кейіпкерлерін тапты.

Оқушыларға өздерінің қайталанбас белгісі- кітаптың таптырмас атрибутын жасау ұсынылды. Әрбір қатысушы белгіні « оригами» техникасында орындады және оны безендіруде өзіндік ерекше тәсілін көрсетті.
Шараға 250 адам тартылды.